• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 19:15

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

20 рет
көрсетілді

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде тұратын қазақстандықтар республикалық референдумда белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр. 

Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады. 

Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды. 

Айта кетейік, Референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген Токио қаласындағы Қазақстан азаматы, «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды. 

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

 
Соңғы жаңалықтар